Елордада жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі елорданың сол жағалауындағы бірқатар көшеде жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, қарашаның 9-нан 10-на қараған күні елорданың сол жағалауында апат болып, бірқатар мемлекеттік нысандарда, тұрғын үйлерде жарық сөніп қалған болатын. ТЖК мен қала әкімдігінің жедел шаралары барысында ақаулар жойылды. Апат жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жедел тергеу тобы қолына алды. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Еске сала кетсек, 10 қарашада түнгі сағат екіде «Левобережная» 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданды. Салдарынан бірқатар көшедегі абоненттер электр жарығынан ажыратыла бастады. Бұлар - Қонаев, Сығанақ, Түркістан, Алматы және Достық көшелеріндегі барлығы 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешені. Олардың арасында Ақорда, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Жоғарғы сот, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұрағат ғимараттары, «Бәйтерек» монументі бар.
11 қараша, таңертеңгі сағат 07.00-де энергия жартылай беріле бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орын алған апатқа байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.
- Елордалық театр қазақстандықтарды 97 метр биіктіктен құттықтады
- Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті
- Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды
- Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
-
Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
-
Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам