Елордада жарықсыз қалған тұрғын үйлерге электр мен су беру қалпына келтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сол жақ жағалауында, «Әбу-Даби Плаза» кешенінің жанында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үй тұтынушыларының электрмен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың сол жақ жағалауындағы бірнеше тұрғын үй тұрғындарының хабарлауынша, кеше түнде олардың үйлерінде әуелі электр жарығы өшіп, одан кейін сорғылар істемеген соң жылу, сумен жабдықтау жүйесі істен шыққан.

Бұған дейін «АСТАНА-РЭК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланғандай,30 қаңтар күні сағат 20:58 кезінде «Сол жағалау» қосалқы стансасының 10 кВ 407-нөмірлі ұяшығы апатты жағдайда өшірілген.

Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үйде жарық өшкен.

Есіл ауданының 19 адамнан тұратын 5 бригадасы апат салдарын жоюға жұмылдырылған. Олар электр тарату желісінің жұмысын қалпына келтіруге атсалысты.

«Астана-РЭК» кезекші диспетчерінің хабарлауынша, «Апат 10 КВ кабельдің бүлінуінен орын алған, ал оның себебін қазір зертханада анықталып жатыр».


Соңғы жаңалықтар