Елордада және үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда 20 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.


Соңғы жаңалықтар