Елордада және он өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада және еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 25 қарашада жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

25 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. Шымкентте 25 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Түркістанда 25 қарашада күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді.

25 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде,

шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, өңірдің шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағандыда 25 қарашада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жезқазғанда 25 қарашада жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

25 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік- шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда желдің екпіні 18 м/с жетеді.

25 қарашада Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік- батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, өңірдің солтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылордада күндіз көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні 16 м/с.

25 қарашада Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады,көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік- батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде 25 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік- шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, ал өңірдің батыс бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 25 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар