Елордада және екі қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 мамыр күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Қостанай қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарлада ауа сапасының көрсеткіштері норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар