Елордада жаңажылдық қайырымдылық жәрмеңкесінде ірі жүлделер ойнатылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Елшілердің әйелдері қауымдастығы жаңажылдық қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, лотерия ойнатты. Лотереяға түрлі бағалы сыйлықтармен қатар «Lada X-Ray» жеңіл көлігі тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жаңажылдық қайырымдылық жәрмеңкесіне адам өте көп жиналды. Жәрмеңкеге кіре берістер келушілер лотерия билеттерін сатып алды. Онда түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ал бағы жанған адамға «Lada X-Ray» көлігі бұйырды.

«3 500 сыйлық ойнатылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін қызметкерлеріміз лотереядан ұтқан қонақтардың бәріне қоңырау шалып шығады. Сыйлықты сейсенбіден бейсенбі күнге дейін сағат 12-00-мен 15-00 аралығында алуға болады. Бұл іс-шараның негізгі мақсатты – Қазақстандағы мұқтаж ұйымдарға әлеуметтік көмек көрсету. Бүгін келген барлық қонақ кіру билетін және лотерея билетін сатып алды. Жиналған қаражаттың барлығын қайырымдылық мақсатқа жұмсаймыз», - деді Қазақсандағы Бразилия Елшісінің жұбайы Лениз Барбоса.

Іс-шара қатысып, жолы болған қонақтар 9 түрлі бағытқа (7 халықаралық, 1 ішкі және 1 ваучер) әуе билеттерін, тұрмыстық техника сататын ірі дүкендерге сертификаттар алды. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар, әлемге танымал брендтердің киімдері, қонақ үйге түнеу, Астананың үздік мейраханаларына сертификаттар, йога мен бимен айналысуға, СПА/массаж және косметикаға арналған абонементтер, кеңсеге арналған орындықтар, балалар банкетіне арналған абонементтер, медициналық тексеруден өтуге арналған вацучерлер, Елшіліктің дәстүрлі сыйлық жиынтықтары тарту етілді.


Соңғы жаңалықтар