USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Елордада жаңажылдық ертеңгіліктер қалай өтеді – санитар дәрігер түсіндірді

2021 жылғы 8 желтоқсан 13:16
Бөлісіңіз:
Елордада жаңажылдық ертеңгіліктер қалай өтеді – санитар дәрігер түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептері мен балабақшаларында жаңа жыл мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанда карантин мерзімі қысқаруы мүмкін Коронавирус: Қазақстанда қандай шектеу шаралары енгізілді Шетелден келгендерден індет жұқтырмағанын растайтын ПТР тест талап етіледі

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жаңажылдық ертеңгіліктерді топтық оқшаулауды қатаң сақтаған жағдайда – әр топ үшін жеке өткізуге рұқсат етіледі. Яғни, қандай да бір жаңажылдық іс-шараларды өткізу үшін топтарды біріктіруге жол берілмейді. Үй-жайларды кейіннен желдету арқылы міндетті түрде ылғалды тазалау жүргізіледі», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, аниматорлар мен бөтен тұлғаларды шақыруға және ата-аналардың қатысуына тыйым салынады.

«Мектеп ертеңгіліктеріне келсек, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, мектептерде бұқаралық іс-шаралар өткізуге болмайды, ата-аналардың баруына да рұқсат жоқ. Сондықтан біз жаңажылдық мерекелерді әр сынып үшін жеке-жеке сынып сағаты түрінде өткізуді ұсынамыз», - деп қорытындылады дәрігер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT