Елордада Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі саммит өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ІІІ саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан да жасыл экономикаға бет бұрған ел. Жалпы, алда тұрған міндеттер барлық елдерге ортақ, ол экология болсын, ресурстар мен энергияны үнемдеу болсын. Сондықтан бұл саммит өте маңызды. Бүгінгі шараға 20 елден 30-ден астам делегат қатысып отырғаны соған дәлел», -деді халықаралық шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев.

Оның атап өтуінше, «жасыл» энергетика ел дамуының өте күрделі болғанымен ең маңызды бағыттарының бірі саналады. Сондықтан Қазақстан әлеуметтік сал, кедейшілікпен күрес, халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құру сынды ең бірінші кезекті мәселелермен қатар стратегиялық басымдықтарға да баса назар аударып отыр. Оладың қатарында елде үшінші жаңғыртуды жүргізу, институттық реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бар.

«Біз Тұңғыш Президент қоры ретінде өзіміздің миссиямыздың аясында экспорттық зерттеу бағдарламалары, ғылыми жобалар, жүзеге асыру, форумдар мен саммиттер өткізу арқылы барлық бағыттарда белсенді жұмыс істеуге дайынбыз. Әлем, экономика, әлеуметтік сала қадай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Жасанды интеллект, «үлкен мәліметтер», жаппай цифрландыру сынды трендтерді де байқап отырмыз. Әрине, сондай трендтердің бірі – «жасыл» экономиканы дамыту. Бұл елдің ең үздік стандарттармен дами ала ма, өз азаматтарын лайықты өмір сапасымен қамтамасыз ете ала деген сияқты бағыттарын көрсетеді», - деді ол.

Қор басшысының дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 81 жаңартылмалы энергия көзі жұмыс істеп тұр.

«Біз ең алдымен дамыған елдерде күн және жел энергетикасы балама ретінде дамып жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, Германияда ЖЭК жалпы көлемнің 32 пайызын құрайды. Қазақстанда да бұл салада зор әлеует бар. Ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонау 2010 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл көпір» серіктестік бағдаралмасына ұйытқы болған еді. Ол 2012 жылы Бразилияда өткен БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі жаһандық саммитінде қолдауға ие болды», - деді Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар