Елордада Жаңартылатын энергия көздері бойынша ІІІ саммит өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте елордада Жаңартылатын энергия көздері бойынша ІІІ саммит (Renewable Energy Summit 2019) – халықаралық индустриялық алаңы өтеді, оның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен 300 астам делегат пен спикерлер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саммиттің мақсаты – жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын талқылау, сондай-ақ еліміздің және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын» құрудағы үздік идеялар мен тиімді шешеімдерді іске асыру.

Сондай-ақ, жоба Қазақстанға жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобамен жұмыс істейтіндерді, инвесторларды және технология жеткізушілерді, сондай-ақ қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін бүкіл әлемнен жетекші мамандарды тарту бойынша стратегиялық міндетін шешеді.

Саммит Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы шеңберінде өтеді, оны KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырады.

Саммит спикерлері қатарында келесі сарапшылар күтіледі:

Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі; Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты; «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі; Аркадий Дворкович, «Сколково» қорының төрағасы, ФИДЕ президенті; Болат Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры; Руслана Лыжичко, Украина халық әртісі, Таза энергия елшісі, Еуробайқау 2004 жеңімпазы, Украина Радасының экс-депутаты; Владимир Школьник, Энергетика, индустрия және сауда экс-министрі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі; Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group» басқарушы серіктесі; Армен Арзуманян, «Болашақ энергиясы» USAID өңірлік бағдарламасының жетекшісі; Рамазан Жәмпейісов, БҰҰДБ тұратқы даму департаментінің директоры; Айдар Қазыбаев, «АХҚО» Әкімшілігінің басқарушы директоры; Марлен Ізбасханов, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры; Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты төрағасы; Жомарт Момынбаев, «Заманауи инновациялық технологиялар» ЖШС серіктесі; Руслан Жемков, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры; Евгений Вагарин, Rodina AG Бас директоры және негізін қалаушы, Чернобыль уүн АЭС әзірлеушісі және иесі; Арман Қашқынбеков, Қазақстан Жаңғыртылатын энергия қауымдастығының бас директоры.

Қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі жаңартылатын энергетиканың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды. Жаңартылатын энергетика болашағы: жаһандық үрдістер мен қазақстандық тәжірибе; «Жасыл» қаржы және «жасыл» экономика: Қазақстанда қандай қаржы құралдары және ЖЭК дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері бар? ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық нәтижелері мен перспективалары; Best Cases: Қазақстанда ЖЭК облысындағы ең табысты жобалардың рейтингі; секілді тақырыптар көтеріледі.

Сондай-ақ, саммит шеңберінде әлеуетті инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы таныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдерін жинау жүргізіліп жатыр, одан кейін ұйымдастыру комитеті іс-шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсына алатын ең перспективалы қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуға өтінім беру мерзімі – 1 тамызға дейін. ЖЭК саммитіне қатысуға тіркеу іс-шараның ресми сайтында - resummit.kz жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар