Елордада жаңа үлгідегі бағдаршам орнатыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, көше қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады.

SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамының қызыл жарығы тротуарға да түседі тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймайды, сонымен қатар екі көзі телефонда жүретіндердің назарын аударады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамының жаңа моделінде мынадай артықшылығы бар: Ымырт үйірілгенде және түнде тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсы көрінеді, смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілерді ескертеді және тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

Бағдаршамның сынақ нұсқасы 9 бағдаршам объектісінде қолданылды.

1) Жеңіс даңғылы бойында;
2) Абай даңғылы – Мұражай;
3) Пушкин көшесі – ЕҰУ;
4) Қ.Мұңайтпасов көшесі 16;
5) Қорғалжын тас жолы – Думан;
6) Мәскеу көшесі – 14 мектеп;
7) Тұран даңғылы – Орталық саябақ;
8) Ж.Тәшенов көшесі – Алатау спорт кешені;
9) Жирентаев көшесі – 22 мектеп.

Бұдан бөлек дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар орнатылды. Бұл жаяу жүргіншілер, әсіресе көзі нашар көретін жұрт үшін тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелі бұрынғысынан қауіпсіз болады.

Мұндай бағдаршамдар қаланың 7 жернде орнатылған:
1) Қабанбай батыр даңғылы – №17 мектеп;
2) С.Сейфуллин мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы;
3) Қабанбай батыр даңғылы – AIU;
4) Республика даңғылы – Жастар сарайы;
5) Бөгенбай батыр даңғылы – Ш.Уәлиханов көшесі;
6) Қабанбай батыр даңғылы – Салтанат сарайы;
7) Алаш тасжолы – Жолымбет көшесі.


Соңғы жаңалықтар