Елордада жаңа өрт сөндіру кешені ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде  баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елордалық әкімдіктің өрт сөндіру бекеттеріндегі оң тәжірибесін атап өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, елордада жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру кешені салынады.

«Оң мысал ретінде Астана, Шымкент және Атырау облыстары әкімдіктерінің жұмысын атап өтуге болады. Онда жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру кешенінің құрылысы жүріп жатыр», - деді ол.

Ішкі істер министрінің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 422 өрт сөндіру бекеті бар. Олардың жартысынан көбі заманауи талаптарға сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан.

23-і апатты жағдайға болса, көпшілігі жалға алынған ғимараттарда жұмыс істеп тұр. Заңмен талап етілген стандарттарға сәйкес, қосымша 137 өрт сөндіру кешенінің құрылысы қажет. Оның 111-і қалалық, 23-і ауылдық жерлерде.

Соңғы жаңалықтар