Елордада жаңа әліпбиге көшу жағдайындағы салалық терминдерді игеру мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының «Жаңа әліпбиге көшу жағдайындағы салалық терминдерді игеру мәселесі» тақырыбындағы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өткен шарада ұлттық әліпбиді қабылдау барысындағы терминдерді қалыптастыру жайы талқыланды.
Отырыста Мәдениет және спорт вице министрі Н.Дәуешов сөз алып, Терминологиялық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру осы жылы Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрлігіне ауыстырылғанын тілге тиек етті. Ол бүгінгі отырыстың мақсаты – терминологиялық жұмыс тобы мүшелерін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру барысында кездесетін мәселелерді тиімді шешуге жұмылдыру, соны дер кезінде белгілеп, анықтап отыру, терминологияны жаңа кезеңге сәйкес жандандыру жолдарын қарастыруды да атап айтты. Сонымен қатар, алдымызда терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, латын графикасы негізінде терминологияның ғылыми негіздерін әзірлеу, терминологиялық базаны толықтыру және де басқа жұмыстардың тұрғанын алға тартты.
Бұдан кейін ғалымдар көтеріліп отырған мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Олардың қатарында: А.Фазылжанова, С.Құлманов, Қ.Айдарбек О.Жұбаева, С.Итеғұлова т.б. бар.
Отырыста аталған мәселе бойынша профессорлар Ш.Құрманбайұлы қазақ терминдерін латын әліпбиіне көшу кезінде А.Байтұрсынұлы принципіне жүгіну, қандай терминдерді аударамыз, қандай терминдерді өз қалпында аламыз деген мәселені қозғаса, Б.Әбдуәли термин жасау кезіндегі алқалы жиындарға жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген ғалымдарды да қосу керектігін тілге тиек етті.
Бұл отырысты «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры Ә.Асқар үйлестірсе, Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдеш қорытындылады.
- 9000-ға жуық сөзді қамтыған «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» жарыққа шықты
- Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр
- Алматыда академик Рәбиға Сыздықтың көптомдық шығармалары таныстырылды
- Елордада Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай конференция өтіп жатыр
-
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді
-
Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам