Елордада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 13 және 14 шілдеде Қазақстан спорт кешенінің аумағында Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкелінген өнімдердің жалпы көлемі шамамен 230 тонна. Өтетін жәрмеңкелерде баға нарықтық бағалардан 10-15% төмен болады, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеде әртүрлі өнімдер ұсынылады (қырыққабат, қияр, сәбіз, қызынық, жемістер, балық, сары май, сүт, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен печенье, кәмпит, күріш, макарон өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері және т.б.).

Ауылшаруашылық өнімдерінен басқа, жәрмеңкенің аумағында концерттік бағдарлама ұсынылады, онда әрбір қатысушы өңірдің мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсететін көркемдік топтар қатысады.

Соңғы жаңалықтар