Елордада жалпықалалық сенбілік кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпықалалық сенбілік өткізу кейінге шегерілді, деп хабарлады қала әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.

«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Біздің қаладағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке орай, ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Мұндай күн райында көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

«Қала тұрғындарының көбісі ертеңгі тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдіргенін мен жақсы білемін. Мен Сіздерді осы райларыңыздан қайтпауға шақырамын. Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін!», - деп қосты қала әкімі.

Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады.

null

Соңғы жаңалықтар