Елордада жалға алған қымбат көліктерді сатып келген алаяқ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомашина сату кезінде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады.

Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат автомашиналарды жалға алғаны, әрі қарай азаматтардың сеніміне кіре отырып, нарықтағы бағадан төмен бағаға сатқаны анықталды.

Осылайша, ол «Lexus», «Toyota Camry» маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да «Nissan Qashqai» автокөлігін сатқан.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оның Республика аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне, сондай-ақ 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуына болады.
null

Соңғы жаңалықтар