Елордада зейнеткерлердің тіс протездеуі тегін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда зейнеткерлері мен мұқтаж азаматтарға тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпара қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі.
Мұқтаж азаматтар санатына келесі топтар жатады:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестiрiлген адамдар;
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- мүгедектер;
- табысы аз азаматтардың ішінен көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне қызметтер кезектен тыс көрсетіледі. Қалған санаттардағы азаматтарға қызметтер кезек ретімен ұсынылады.
«Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, уәкілетті медициналық ұйымы берген тісті протездеу қажеттілігі жөнінде медициналық қорытындыны ұсынады. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа мен көшiрме түрінде ұсынылады. Құжаттар өтініш берушіге қайтарылады», делінген хабарламада.
Тiсті протездеуге әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген тұлғаларға, зейнеткерлерге ұсынылатынын айта кеткен жөн.
«Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тісті, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізу арқылы (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Байқаудың қорытындысы ақпан айының соңында өткізіледі.
Жеткізушілермен шарт жасағаннан кейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тістерді протездеуге қызметтерді көрсету бойынша тіркеу жүргізетін орындар мен мерзімі туралы халықты хабардар етеді.
Толық кеңес алу үшін Достық көшесіндегі 13-үйге (тел. 55-68-45, 55-68-22, 55-68-34) Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу керек.
- Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім
- Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді
- Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
- Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын
-
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
-
Ақтөбе облысы: Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам