Елордада заңсыз жүрген 356 шетел азаматы жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 16 мен 19 шілде аралығында «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара заңсыз көші-қон каналының алдын алу немесе жолын кесу мақсатында өткізіледі. Көші-қон қызметі, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын 20 мобильді топ адам саудасы, заңсыз көші-қон каналын анықтау және қылмыскерлерді іздестіру бойынша елорда аумағында рейд жүргізді.

«Іс-шара басталғалы ҚР аумағында жүріп-тұру ережесін бұзған 356 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде еш жерде тіркелмеген 170 адам, жасап отырған қызметі келу мақсатымен сәйкес келмеген немесе рұқсатсыз жүрген 150 шетел азаматы анықталды. Жеке тұлғасын анықтау үшін ТМД елінің 40 азаматы Нұр-Сұлтан қаласы ПД қабылдап тарату орталығына орналастырылды. 400 шетел азаматы ішкі істер органының есебіне қойылды» делінген хабарламада.

Осы екі тәулік ішінде көші-қон заңын бұзған 60 азаматтың елімізде уақытша жүріп-тұру мерзімі қысқартылды.

Соңғы жаңалықтар