Елордада заңсыз пәтер сатқан құрылыс компаниялары жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Нұр-Сұлтанда пәтерлерді заңсыз сатқан құрылыс компаниялары жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері пәтерлерді заңсыз сатқан 16 құрылыс компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Олар баспаналы болғысы келген үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, тіпті салынып бітпеген пәтерлерді сатқан.

Сондай-ақ, аталған басқарма басшысының орынбасары заңсыз пәтер сатумен айналысқан құрылыс компаниялардың тізімін атады.

»Бүгінде заңбұзушылыққа жол берген құрылыс компаниялардың үстінен қозғалған арыз-талаптар сотқа жолданды. Нәтижесінде, «Шанг Хи Групп» ЖШС, «ExpoNewLife» ТК, «Roztal» ЖШС, «Family Park» ТК, «Mainstreet» ЖШС және «Парус» ТК пәтерлерді заңсыз сатқандығы анықталды»- дейді ол.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған компанияларға қатысты тергеу шаралары әлі де жалғасуда.

»Пәтерлерді заңсыз сатуды болдырмау мақсатындағы шараларды алдағы уақытта жүйелі түрде жүргізетін боламыз«, - деп толықтырды Е. Бердалин.


Соңғы жаңалықтар