Елордада заңсыз майнинг фермасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады.

Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды.

Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған.

Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген агенттік мәліметінде


Соңғы жаңалықтар