Елордада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Көрме» орталығында WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ұлттық чемпионатқа арнайы келіп, жарысқа қатысушылардың өнерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен колледждер мен жоғары оқу орындарының 350-ге жуық студенті келген. Олар төрт күн бойы «кірпіш қалау», «бояу және әрлеу жұмыстары», «кондитерлік шеберлік», «электроника», «сән технологиясы», «шаштараз», «дәнекерлеуші», «аспаз», «наубай», «көлік сыртын жөндеу», «мейрамхана қызметі», «қонақ үй әкімшісі», «бизнестің ІТ шешімдері» сынды 30 мамандық бойынша кәсіби тұрғыда бақтарын сынап жатыр. 

«Бүгінгі шараның мәні айрықша. Себебі ел экономикасының түрлі салалары үшін қажетті болашақ мамандарды дайындау үстіндеміз. Ұлттық чемпионат осымен төртінші рет өтіп жатыр. Жалпы, Қазақстан алғаш рет WordSkills  International  қозғалысына қосылып, 2015 жылы алғашқы чемпионатын өткізген болатын. Жастарымыздың біліктілігі жыл сайын арта түсуде. Осы жылғы ұлттық чемпионатта жеңіске жеткендер 2019 жылы Қазан қаласында өтетін халықаралық деңгейдегі чемпионатта еліміздің намысын қорғайды», - деді «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары Әсима Бимендина.null

Айта кетейік, WorldSkills - жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат ететін коммерциялық емес қозғалыс.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар