Елордада веложарыс өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Спорт күніне орай жалпықалалық веложарыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабанбай батыр көшесі бойындағы Қазақстан рәміздері алаңынан басталған жарысқа мыңға жуық велоспорт шеберлері мен әуесқой спортшылар қатысуда. Олар Қабанбай батыр даңғылымен «Астана Арена» стадионына дейінгі 5 шақырым қашықтықты жүріп өтетін болады. Жарыс соңында қатысушылардың арасында 10 велосипедке ұтыс ойнатылады.

Бұл спорттық шараның мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.

Жарысты Астана қаласының әкімдігі, «Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы» ММ, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы» КММ бірлесе ұйымдастыруда.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар