Елордада веложарыс кезінде ер адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада веложарыс кезінде ер адам көз жұмды. ҚР Велоcипед спорты федерациясының мәліметінше, оның жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елордада Tour of Uly Dala додасы кезінде веложарысқа қатысушылардың бірі есінен танып құлаған және сол жерде қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылғы ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Жарыс кезінде кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы оған жедел медициналық көмек көрсеткен, алайда аман алып қалу мүмкін болмады» делінген Қазақстан велоспорт федерациясы жолдаған хабарламада.

Веложарысты ұйымдастырушылар марқұмның туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін веложарысты аяқтап, 16 шілдеге жоспарланған кезеңді өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар