+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Елордада вакцинацияланғандар арасында бес iPhone 12 ойнатылады

2021 жылғы 4 тамыз 20:22
Бөлісіңіз:
Елордада вакцинацияланғандар арасында бес iPhone 12 ойнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада апта сайын екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды әкімдігіндегі жұмысшының өлімі: Сот үкімі жарияланды Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды Алматыда вакцинация пунктіндегі пранк: Танымал блогер жазалануы мүмкін

Тағы бес iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың бесінші ұтыс ойыны 7 тамызда (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Бесінші ұтыс ойынына 31 шілде мен 6 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцина алғандар қатысады. Ұтыс ойынына байланысты құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді.

Осы апталық ұтыс ойынынан басқа, 28 шілде мен 6 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар арасында үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына «Әбу Даби Плаза», «Керуен», «Сарыарқа» сауда кешендерінде және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Екпе алғандардың арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны жарияланды.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды вакцина алуға ынталандыру, осылайша олар өз денсаулығын, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтайтынын түсінуі үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және қалыпты режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT