+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Елордада вакцинацияланған оқытушылар мен студенттер бағалы сыйлықтарға ие болады

2021 жылғы 8 шілде 14:32
Бөлісіңіз:
Елордада вакцинацияланған оқытушылар мен студенттер бағалы сыйлықтарға ие болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцина алған елордалық ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары еліміздің тарихи өңірлеріне жолдамалар, сауықтыру турларын, дүкендерге жеңілдіктер және бағалы сыйлықтар ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің COVID-19-ға қарсы вакциналанған студенттері мен оқытушылары сауықтыру орталықтарына тегін жолдамалар, еліміздің тарихи өңірлеріне турлар, спортзалға абонементтер, қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған сертификаттар, сол сияқты ірі сауда орталықтарында тауарлар сатып алуға арналған сертификаттар ала алады.

Аталмыш ЖОО-да 20 мыңға жуық студент оқиды, 3000-ға жуық оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

Түрлі сыйлықтар мен жолдамалар вакцинаның бір ғана артықшылығы емес. Ауқымды вакциналау жағдайында ЖОО жаңа оқу жылын толыққанды, қалыпты режимде бастай алады. Вакцинация адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең қолайлы шешімі болып саналады.

«Көкшетау-Зерендідегі «Тұмар» оқу-сауықтыру кешеніне 50 дана тегін жолдаманы 1-20 шілде аралығында вакциналанатын студенттерге тарту етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 1-10 шілде аралығында вакцинациядан өткен алғашқы 30 студент еліміздің тарихи және рухани орындарына, яғни Түркістан мен Семей қалаларына жолдама алады. 1-15 шілде аралығында екпе алатын алғашқы 60 студентке ағылшын және қазақ тілдерін оқып-үйренуге арналған тегін сертификаттар беріледі. Сонымен қатар, 1-15 шілде аралығында екпе алған 100 студентке студенттік спорт орталығының бір айлық абонементі беріледі. Студенттер ЖОО-ның имидждік өнімін де ұтып ала алады. Сол сияқты 1-15 шілде аралығында екпе алған алғашқы 40 оқытушыға «Magnum», «Technodom», «Mechta», «Sulpak» дүкендерінің арнайы сертификаттары тапсырылады», - деді университеттің Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Рүстем Әлқожа.

Айта кету керек, ЕҰУ-да Ashyq өткізу жүйесі жұмыс істейді. Оқу корпустары мен студенттік үйлердің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, дене температурасын өлшеу датчиктері орнатылған, сол сияқты санитариялық дәрігерлер кезекшілік етеді. Ғимараттардың ішінде санитайзерлер орналастырылған, қажетті санитарлық нормалар сақталған.

ЕҰУ жаппай вакцинация науқанына қатысатын жалғыз оқу орны емес. Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ да қалыс қалған жоқ. 2021 жылдың 28 тамызында сағат 15:00-де агрономия факультеті алдындағы алаңда университет қызметкерлерінің вакциналанған және вакциналау паспортын алған қызметкерлері арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтеді. Вакциналанған адамдар бағалы тұрмыстық техникаларды жеңіп ала алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT