+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы болды

2021 жылғы 14 мамыр 22:38
Бөлісіңіз:
Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетімен күресте карантин талаптарын сақтау мен вакцина алудың маңыздылығын насихаттаған ашық аспан асты қойылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады ҚР Қорғаныс министрі шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі еңбегін баяндады Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

«Астана мюзикл» театрының әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хореографиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалай алды. Және оған 15-тен астам адам қатысты.


«Әлем болып күресіп жатқан коронавирус дертінің адамзат өміріне алып келген өзгерісі баршамызға айтпай-ақ түсінікті. Вирустың тарау салдарынан қаншама адам өмірден озды. Аурудан қорғану мақсатында бұрын болмаған каратиндік шектеулер енгізілді, сондай-ақ, вакцина алуда маңызды болып отыр. «COVID-19» қойылымын өткен жылдың тамыз айында қолға алып, биыл ақпан айында театрымызда алғаш рет көпшілікке ұсындық. Қойылымның мән-мазмұны мен тарихы тікелей өмірден алынған және бұл біздің ұжымның дебюттық шығарылымы. Бүгінгі қатысушылар әртістер ғана емес, сонымен қатар осы қойылымның авторлары болып саналады.Тағы бір айтып өтетін жайт бүгін біз қойылымның үзіндісін (15-20 минут) ғана ұсынып отырмыз, ал толықтай көрермен театрымыздан келіп көре алады» - деді «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин.


Оның айтуынша, қойылымның көздеген мақсаты – айтулы аурудан аулақ болу жолында халықтың назарын аудару.

Әлеуметтік маңызға ие шығармашылық қойылымның толық нұсқасын астаналықтардың 21-22 мамыр күндері «Qazagstan» орталық концерт залында ташалау мүмкіндігі бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT