+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада вакцина алғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты

2021 жылғы 28 шілде 20:51
Бөлісіңіз:
Елордада вакцина алғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада вакцинация алғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде (сенбі) күні әкімдіктің әлеуметтік желідегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл соңына дейін үш жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады Алимент төлемей жүрген астаналық 1 жылға сотталды Елордада гүл сатушы болу үшін уақытша сынақ мерзімінде жүрген бойжеткен кассадан ақша ұрлады

Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцинацияланғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына «Әбу Даби Плаза», «Керуен», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын — жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері.

Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында көліктің ұтыс ойыны өтетін хабарлады.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT