Елордада үздік ПИК байқауы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Байқоңыр ауданының ПИК-тер қауымдастығы үздік пәтер иелерінің кооперативін анықтауға арналған байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Байқауда үздік электрик, сантехник, аула сыпырушы, еден жуушылар да анықталады.

Байқауды Байқоңыр ауданының ПИК-тер қауымдастығы аудандық әкімдіктің аппараты қолдауымен бірлесіп өткізеді.

Байқауға қатысуға өтінімдер 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында төмендегі аталымдар бойынша қабылданады:

1. Үздік ПИК;

2. Үздік ПИК төрағасы;

3. Үздік сантехник;

4. Үздік аула сыпырушы;

5. Үздік еден жуушы.

«Байқау тұрғын үй қорын күтіп ұстау және аула аумақтарын абаттандыру бойынша барынша адал қызмет көрсететін ұйымдарды анықтауға бағытталған. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы шегінде қызмет көрсететін ұйымдар қатысуға құқылы. Үздік ПИК, төрағаны/директорды, техникалық персоналды (электрик, сантехник, аула сыпырушы, еден жуушы) таңдау туралы шешімді Байқоңыр ауданының ПИК Ассоциациясының басқарма мүшелері тұрғындармен жұмыс істеу сапасы, ПИК тұрғындар алдындағы есебі, жылыту маусымына дайындық паспорттарын уақытында алу және т. б. сияқты әзірленген өлшемдер негізінде қабылдайды», - делінген хабарламасында.

Жүлделі орындар үшін сыйақы беріледі.

Соңғы жаңалықтар