+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Елордада үздік әскери оркестрлер сынға түседі

2019 жылғы 18 қыркүйек 00:01
Бөлісіңіз:
Елордада үздік әскери оркестрлер сынға түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері мәдени орталықтары әскери оркестрлерінің, дирижерлері мен музыканттары байқау-конкурсының шешуші кезеңі өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Польшада өтетін Еуровидениеде Ержан Максим қандай ән айтады Көкшетауда сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді Ақтөбеде «Ерназар-Бекет» драма - дастаны сахналанды

Әртүрлі өңірлік қолбасшылықтардың, оқу орындары мен қазақстандық армия әскери бөлімдерінің намысын қорғайтын сегіз әскери оркестр құрамында 140-тан астам әскери музыкант өздерінің музыкалық шеберліктерін паш етеді.

Қатысушылар екі санат бойынша сынға түседі: 18-35 музыканттан құралған әскери оркестр және құрамында 16 музыкантқа дейінгі әскери оркестр. Оркестрлер ҚР Мемлекеттік әнұранын, үш сапта және қарсы марштарды, әскери-патриоттық тақырыпта саптық әнді, сондай-ақ ерікті бағдарламада – ұзақтығы 10 минутқа дейінгі оркестрлер дефилесі мен 20 минуттан аспайтын концерттік репертуарды орындайды. Шығармаларды ұжымдар өздері таңдайды. Бұл ретте концерттік репертуарда қазақстандық сазгердің кем дегенде бір туындысы болуы тиіс.

Музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларынан басқа байқауда оркестр жеке құрамының сыртқы келбеті мен әскери дирижердің шеберлігіне, бір орында және қозғалыста музыкалық аспаптармен саптық амалдарды орындау шеберліктеріне баға беріледі.

Сайыс Нұр-Сұлтан қаласы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімінде, сондай-ақ ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында өтеді.

Тағы бір жанды қойылымды елорда қонақтары мен тұрғындары «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында тамашалай алады. Әскери музыканттар әлемдік танымал әуендерді, соның ішінде, қазақстандық композитор А.Бестібаевтың «Азия дауысы», АВВА тобының «Gold» әнін орындайды.

ҚР ҚК Орталық әскери оркестрінің бастығы капитан Алмас Ибрагимовтің төрағалық етуімен кәсіби әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, байқаудың өту барысын қадағалайды. Олардың құрамына аға әскери дирижер капитан Данияр Бөлтіріков пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, әскери музыканттар кірді.

Конкурстың қорытындысы 20 қыркүйекте белгілі болады. Әр санаттағы жеңімпаздар мүсіншелермен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Одан басқа, әділқазылар Бас жүлде иегерін, әр сайыс күніндегі үздік әскери дирижер мен музыканттарды анықтайды.

Іс-шара соңында сайыс жеңімпазының, байқау-конкурсы лауреаттарының, Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі және Орталық ансамблінің қатысуымен гала-концерт өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT