Елордада үйінен қашып кеткен 8 жасар бала көшеден табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, баласының жоғалып кеткені туралы өтініш жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер баланың әжесімен ренжісіп қалғаннан кейін күндізгі уақытта үйінен кетіп, қайта оралмағанын анықтады.

Кәмелет жасына толмаған баланы іздеу жұмыстары басталып кетті.

Ювеналдық полиция инспекторлары қала аулалары, көшелер мен құдықтарды тексерді. Баланың баруы мүмкін орындары тексеріліп, көршілер мен жолаушылар сұрастырылды.

Іздеу шаралары барысында түнгі уақытта полицейлер баланы көшеден тапты.

Тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмағандардың осы уақытқа дейін қалада қыдырып жүргенін анықтады.

Полицейлер баланы тұрғылықты жеріне жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың әжесі қызметкерлерге немересін жедел іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын жеткізді.

«Полицияда балалардың үйден қашып кету оқиғалары жиі тіркеліп отырады. Біз қайғылы оқиғалар орын алғанда уайымдап, балалар үйге аман-есен оралғанда қуанамыз. Ата-аналардан мұқият болуын сұраймыз. Егер балаңыз үйден кетіп қалса, бірден полицияға хабарлаңыз», - дейді Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов.


Соңғы жаңалықтар