Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада гүл сататын дүкеннің ашылу құрметіне орай ұтыс ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлерінің талабымен іс-шара тоқтатылды. Жағдай тұрақталып, жиналған тұрғындар үйлеріне тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Дүкен ашылу құрметіне ұтыс ойынын өткізген.

Сыйлық алуды қалайтын көптеген адам дүкеннің жанына жиналған. Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.


Соңғы жаңалықтар