Елордада үшем дүниеге келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 желтоқсан күні №2 көпбейінді қалалық ауруханада 27 жастағы Құндыз Оралжанқызы үшемді дүниеге әкелді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің екеуі ұл, біреуі қыз.

Қазір әйелдің де, балалардың да жағдайы жақсы. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне Құндыздың сіңлісі Үміт Оралжан айтып берді.

«Аман-есен босанғанын естігенде қуаныштан төбеміз көкке жетті. Бір отбасы бірден 3 сәбиге толықты. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз», - деді ол.

Айта кетейік, жас жұбайлар алғаш рет ата-ана атанып отыр.
Соңғы жаңалықтар