Елордада үш жасөспірім бейтаныс адамға шабуыл жасаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 32 жастағы астана тұрғыны түнде үйге қайтып келе жатқанда бұзақылар ұрып-соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адамның айтуынша, үш жасөспірім оның соңынан жүріп, оны қасақана төбелеске шақырған, содан кейін ұрып-соғып, жасырынып қалған.
Жедел-іздеу шарасы барысында бұзақылар ұсталды. Бейтаныс адамға шабуыл жасаған кәмелетке толмаған үш жігіт полицияға жеткізілді. Сондай-ақ, полицияға кәмелет жасына толмаған балалардың заңды өкілдері шақырылды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ, балалардың заңды өкілдері де ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Үш жігітті ювеналды полиция инспекторлары бақылауға алды.
- Елордада үйге газ кіргізу құны 30% арзандады
- Браконьерлік қылмыстар бойынша жыл басынан 23 іс қозғалды
- Елорданың Көктал-1 шағын ауданындағы үйлер мамырдан бастап газға қосылады
- Елордада түнгі уақытта көше кезген 25 жасөспірім ұсталды
-
Полицияға жалған арыз жазған Өскемен тұрғыны істі болды
-
Полицейлерден қашып жүрген Үржар ауданының тұрғыны Алматы облысында ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам