+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

2020 жылғы 21 қаңтар 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары үш күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Айта кетсек, бұған дейін елордада мектеп оқушысы үш күннен бері іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Жасөспірім 18 қаңтарда сағат 19.00-де үйінен шығып, хабарсыз кеткен.

«Елордалық полиция қызмектерлері кәмелетке толмаған баланы табу үшін тиісті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әділбаев жоғалған жасөспірімді елордадағы тамақтандыруға арналған орындардың бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұрын да үйінен қашып кетіп жүрген. Сабақтан да жиі қалады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баланың заңды өкілдерімен әңгімелесіп, аталмыш фактінің қайталанбауы керектігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT