+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

2020 жылғы 21 қаңтар 18:35
Бөлісіңіз:
Елордада үш күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары үш күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде аулаға ойнауға шығып жоғалып кеткен баланы полиция іздеді Өскеменде базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы табылды Оралда жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды

Айта кетсек, бұған дейін елордада мектеп оқушысы үш күннен бері іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Жасөспірім 18 қаңтарда сағат 19.00-де үйінен шығып, хабарсыз кеткен.

«Елордалық полиция қызмектерлері кәмелетке толмаған баланы табу үшін тиісті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әділбаев жоғалған жасөспірімді елордадағы тамақтандыруға арналған орындардың бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұрын да үйінен қашып кетіп жүрген. Сабақтан да жиі қалады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баланың заңды өкілдерімен әңгімелесіп, аталмыш фактінің қайталанбауы керектігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT