+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елордада үш арысқа ескерткіштер орнатылады

2019 жылғы 30 қыркүйек 21:10
Бөлісіңіз:
Елордада үш арысқа ескерткіштер орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қазақтың үш арысы - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХІ қалалық тіл фестивалінде мәлім етті.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталып кетті. Соның аясында тұңғыш рет елордамызда №87 Абай атындағы мектепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқушылар сарайына беру жоспарланған. Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», - деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай, бүгін елордада мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, оның ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегі үшін бір топ тіл жанашыры марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT