+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада үш адамды пышақпен жарақаттаған күдікті ұсталды

2020 жылғы 22 қыркүйек 11:23
Бөлісіңіз:
Елордада үш адамды пышақпен жарақаттаған күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада шұғыл іздестіру шаралары барысында үш адамды пышақпен жарақаттаған 30 жасар тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Берлинде атыс болды Фонтанда адамдарды тоқ соғу оқиғасы: Eco Almaty жағдайды түсіндірді Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды

Полиция департаментінің мәліметінше, танысының үйінде қонақта болған күдікті спирттік ішімдікке масайған. Отырыс барысында күдіктіге танысының баласын тәрбиелеудегі тәсілі ұнамаған. Осының салдарынан екеуі жанжалдасып, 30 жастағы қонақ үй иесіне үш рет пышақ жарақатын салған.

Бұдан кейін пәтерден жүгіріп шыққан кезде, баспалдақта көршісін кездестірген. Қылмыс орнынан жылдам жасырыну мақсатында көршісін де пышақтаған, сонымен қатар жанжалды естіп жүгіріп шыққан оның әйелінің қолын жарақаттады.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні 15 минуттың ішінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның бұған дейін істі болғаны анықталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT