Елордада ұрыны тоқтатпақ болған полиция оқ атты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада полиция қызметкері «Range Rover» көлігін тонамақ болған ұрыны қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада «Қазмедиа орталығына» кіретін аумақта ғимаратты күзету қызметін атқарып жүрген полиция қызметкері «Range Rover» маркалы автомобильді тонамақ болған ұрыны ұстады. Қызметкер көлік салонына заңсыз кіруге тырысқан қаскүнемді байқап қалған. Полицияның тоқта деген талабын елемеген ол қашып кетуге тырысқан. Осыдан кейін полиция әуеге ескерту оғын атып, қылмыскерді қолға түсірді», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, бұған дейін де сотты болған Ақмола облысының тұрғыны дәл сол күні Сарайшық көшесі бойында тұрған автомобильдің терезесін шағып, шетелдік азаматқа тиесілі көліктің салонынан оның жеке заттарын ұрлап кеткен.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар