Елордада ұры тұрғын үйдің азық-түлігіне дейін «сыпырып» кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күдікті тұрғын үйдегі қымбат заттармен қатар азық-түлікті де «сыпырып» кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, елордадағы Жалын көшесін патрульдеу кезінде полицейлер қолында екі тоны бар мас адамды байқап қалған. Ол тұрғын үйден ұрлық жасағанын мойындады.

Тәртіп сақшылары 31 жастағы күдіктінің құлыпты бұзып, үйдің үш бөлмесінен тоңазытқыштағы азық-түлікке дейін барлық затты шығарғанын анықтады. Ұрланған мүліктің көп екенін және оны жалғыз алып кете алмайтынын түсінген ер адам оларды көшеде қар астына жасырған. Сөйтіп ол компьютер мониторын, процессор, пернетақта, теледидар, тіпті тамақты да жасырып үлгерген. Күдікті қаракүзен мен ақ түлкі терісінен жасалған тондарды ғана өзімен бірге алып жүрген. Оларды жақын жердегі ломбардқа тапсырмақ болған, алайда оны полиция ұстап алды.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттарды полиция тауып алып, иелеріне қайтарып берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар