Елордада ұры аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерді тонаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық полицейлер аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерден 8 млн теңгенің бұйымын қолды еткен 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ата-анасы үйде жоқ кезде 10 жасар бала аулаға доп тебуге шығады. Мән-жайға қанық болған жігіт баланың сөмкесінен кілтті алып, пәтерге кірген де, зергерлік бұйымдар мен компьютер техникаларын қолды еткен.

Полицейлер үш күнде күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Полицейлер ломбардқа тапсырылған заттарды алып, иелеріне қайтарып берді.

Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар