Елордада Үркер тұрғын алабының маңында қамыс өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Есіл ауданындағы Үркер тұрғын алабының маңында, Қорғалжын күре жолынан 2 шақырым қашықтықта қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне ілтеме жасап.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 16 адам, 4 техника жұмылдырылған.

Қалың батпақтың арасында қамыс жанып жатыр. Оған апаратын жол болмағандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып отыр.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, өрттен елді мекендерге қауіп жоқ. Кемінде 1000 шаршы метр алаңды өрт шарпыған.

Соңғы жаңалықтар