Елордада Ұлы Отан соғысының ардагерлері соғыс барысында алған жарақаттан қаза толғандарға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды

None
None
СТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада Ұлы Отан соғысының ардагерлері қала зиратындағы соғыс барысында алған жарақатынан қаза болғандарға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Мемориал алдына жиналған ардагерлер отбасыларының мүшелері, тыл ардагерлері, әскери ведомствоның өкілдері қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін жұртшылық алдында сөз сөйлеген Астана қалалық мәслихаттың хатшысы Владимир Редкокашин бұл күндері біздердің сол бір сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласынан елге оралмаған жауынгерлерді, ұрыс барысында алған жарақаттардың салдарынан осынау қуанышты күнге жете алмаған боздақтарды ерекше қайғыра әрі зор алғыспен еске алатынымызды атап өтті.

«Біз жыл сайын қала зиратындағы мемориалға олардың ерен ерліктерін тағы да бір рет еске түсіру үшін жиналамыз», деді өз сөзіне мәслихат хатшысы.

Сондай-ақ Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Алпысбеков майдан даласында көз жұмған 600 мың қазақстандықтың 30 мыңы ақмолалықтар болғандығын айта келіп, «біздер болашақ ұрпақ бейбіт заманда өмір сүруі үшін өз өмірлерін қиған майдангерлерді еске аламыз», деді.

Шара соңында ислам және православ діні өкілдері қаза болғандарға бағыштап құран оқыды.

Соңғы жаңалықтар