Елордада «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» конференциясы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарих тұрғысынан 30 жыл – азғантай ғана мерзім. Алайда соңғы үш ғасырда саяси, әлеуметтік-мәдени қысымда өмір сүрген Қазақстан үшін 30 жыл ұлттық идеяны жаңғыртудың, тәуелсіз мемлекетті тұрғызудың межесіне айналды. Негізін 1990 жылдары Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бастаған жауапты істі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қисынмен жалғастырып келеді», - дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Темірболат.


Оның айтуынша, отарлық кезең мен кеңес дәуірі тұсында ұлтымыздың тарихы зерттелмей, шежіреміздің ұмытылғаны рас.

«Қазақ халқының тарихын алғаш зерттеуге бел буған Ермахан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов сынды білікті мамандарымыздың ізденістері қуғын-сүргінмен аяқталып жатты. Түп тамырымыз бен өткен күннің оқиғаларын ашық зерттеуге тәуелсіздік қана мүмкіндік берді. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деген Елбасымыз да өткенін жақсы білмейтін адамның болашаққа нық қадам баса алмайтынын нұсқады. Идеологияның өзегі ретінде ұлт тарихы жан-жақты терең зерттелуі тиіс. Осы тұста ұрпаққа аманат етілген мемлекеттің өткенін зерделеп, Ұлы дала зиялыларының өмірі мен мұрасын насихаттау – біздің азаматтық әрі адамзаттық борышымыз», - дейді ол.


Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды. Сондай-ақ, іс-шараға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.


Соңғы жаңалықтар