Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары көшеде құлап, есінен танған ер адамға көмек көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көктайғақта ер адам көше ортасында аяғы тайып құлап, есінен танып қалған. Зардап шеккен адамға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланның №5573 әскери бөлімінің жасағы көшеде келе жатып, тайғанап құлаған ер адамға назар аударды. Оның қасына дереу келіп жеткен әскерилер 50-55 жас шамасындағы ер адамның есінен танғанын байқайды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырған олар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Олар әуелі ер адамның жарақат алған басын таңып, одан кейін зардап шегушіні медицина қызметкерлерінің қолына тапсырды.

Қызмет көрсету барысында азаматқа жедел түрде көрсеткен көмегі үшін әскери жасақ бастығы Марғұлан Нұртаев пен патруль қызметкерлері Арман Орынбасар және Бекжан Ермек әскери бөлім командирі ынталандыру сыйлығын алды.


Соңғы жаңалықтар