USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Елордада Ұлттық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті

2021 жылғы 4 желтоқсан 17:57
Бөлісіңіз:
Елордада Ұлттық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда елордада студенттер арасында ұлттық пікірсайыс турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жастар арасындағы мәселелерді тиімді шешуге ерекше мән беру керек - депутат Нәрестені бөтелкемен тамақтандырады: елордалық дәрігерлер ковид орталығын көрсетті Қарағандылық жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмыспен қалай қамтылады

М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің ашылуы өтті.

Ұлттық турнир Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Елбасы академиясының» қолдауымен өтуде. Турнир ұйымдастырушылары – Ұлттық пікірсайыс федерациясы.

Турнирге өз өңірлерінде іріктеу кезеңдерінен өткен 80 пікірсайысшы қатысуда. Ағымдағы жылдың 1-23 қарашасы аралығында барлық Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында іріктеу кезеңдері өтіп, жалпы 530 пікірсайысшы арасынан үздіктері анықталды. Турнирге ЖОО бөлек, колледж студенттері де қатысады.

Турнир американдық және британдық парламенттік форматта қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылып, турнирдің үздік спикері Линкольн-Дуглас форматы бойынша анықталады.

Турнирдің ашылу салтанатында Елбасы академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай, ҚазГЗУ ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаев, Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бұхарбай қатысты.

«Соңғы жылдары елімізде барлық облысты қамтитын ұлттық деңгейдегі студенттік пікірсайыс турнирі өткізілген жоқ. Бұл турнирдің ерекшелігі – еліміз бойынша өз өңірлерінде жеңіске жеткен ең үздік командалардың қатысуы. Елбасы Академиясы алдағы уақытта да пікірсайыс қозғалысын қолдайтын болады», - деп атап өтті Мұрат Жұманбай.

Елордаға жиналған үздік пікірсайысшылар екі күн бойы қазақ және орыс лигаларында жүлделі орындарға өзара бақ сынаспақ.

Айта кетерлігі, екі күн бойы жалғасатын республикалық турнирдің жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT