Елордада үлкен көшеге Әл-Фараби аты беріліп, зәулім ескерткіші бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үлкен көшеге Әл-Фараби аты беріліп, зәулім ескерткіші орнатылады. Бұл туралы Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігімен жұмыс істеп жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша осы жақында, желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда Әл-Фараби атындағы көше болады. Республикалық оқушылар сарайына Әл-Фарабидің аты беріледі. Оған қосымша демеушілерді тарту арқылы елорда Әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Осы орайда Бердібек Сапарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігіне Дамаскідегі Әл-Фараби орталығын қайта қолға алуды өтінді.

«Жөндеу жұмыстары қажет болса соларды жүргізу қажет. Оның үстіне Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сол жерде (Дамаскіде) Қазақстанның консулдығының ашылатындығын айтқан еді. Біздің өтінішіміз, сол консулдық негізінде бір үлкен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізсек. Ол конференцияға көрші мемлекеттердің фарабитанушыларын шақырсақ. Сол арқылы Әл-Фарабиді тағы бір үлкен халықаралық дәрежеге көтерер едік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар