Елордада ҰҚК қызметкері үйінің ауласынан өлі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҰҚК қызметкері қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды.

Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», делінген хабарламада.

Комитетің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар