Елордада Үкімет басшысының қатысуымен ҚР ТЖМ спорт кешені ашылады

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ертең елордада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі спорт кешенінің ашылу рәсімі өтеді.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында спорт алаңының ашылу рәсімі барысында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайлов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Астана күні мерекесіне орай өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін бірқатар жаңа нысандар мен спорт ғимараттары ашылатын болады. Ағымдағы жыл еліміздің Төтенше жағайлар министрлігі үшін айрықша мәнді болғалы тұрғандығын айтқан вице-министр «таяу күндері біз Ақмола облысында 3 өрт сөндіру ДЕПО-сының тұсауын кесеміз. Ал ертең ҚР Үкімет басшысының қатысуымен Тілендиев көшесі бойында құны 1 миллиард теңгеден асатын спорт кешені ашылады. Бұның барлығы біздің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өздерінің кәсіби әрі күш-қуат мүмкіндіктерін шыңдау үшін жасалып отыр», деді ол өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар