+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Елордада ҮЕҰ-ларды қолдау орталығының кеңсесі ашылды

2020 жылғы 6 ақпан 20:38
Бөлісіңіз:
Елордада ҮЕҰ-ларды қолдау орталығының кеңсесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласы азаматтық бастамалар орталығының жаңа кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында құрылды. Жобаны «КАМЕДА» қоғамдық қоры іске асырды. Кеңсенің аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Онда тренинг залы, шеберлік сабақтарына арналған бөлме, ҮЕҰ өкілдері үшін жұмыс кабинеттері бар. Қоғамдық бірлестіктер үшін өтеусіз негізде әлеуметтік іс-шаралар өткізуге зал ұсынылады.

Жобаның басты міндеті – азаматтық бастамаларды, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар жұмысын қолдау. Аталмыш мекемеде қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне әдістемелік, консультациялық көмек көрсетілетін болады.

Орталық елордалық ҮЕҰ өкілдері тарапынан түсетін өтінімдер санын арттыруды көздейді. Сондай-ақ мекеме үкіметтік емес ұйымдарға жобаларды қаржыландыру мен рәсімдеуге қолдау көрсету үшін гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға жәрдемдеседі. Бақтияр Мәкен үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдай жасаудың маңызды екендігін атап өтті.

«Орталық үкіметтік емес ұйымдардың дамуы мен нығаюына ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде, елорда тұрғындарын қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелеріне бей-жай қарамауына алып келеді. Қала әкімінің тапсырмасына бойынша жыл сайын біз өзекті жобалардың саны мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемін ұлғайтатын боламыз», - деді әкім орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT