+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада тыйым салынғанына қарамастан 200 адам жиналған той өткізген

2021 жылғы 2 тамыз 14:12
Бөлісіңіз:
Елордада тыйым салынғанына қарамастан 200 адам жиналған той өткізген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлерден, әкімдік пен Санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінен тұратын мобильді топ карантин режимін бұзушыларды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл соңына дейін үш жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады Алимент төлемей жүрген астаналық 1 жылға сотталды Түркістан облысында 1 мыңға жуық той тарқатылып, 35 тойхана жабылған

Нұр-Сұлтанның «қою қызыл аймаққа» өтуіне байланысты инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шектеу шаралары қабылданды. Салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Демалыс күндері мобильді топ 155 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 40 карантин бұзушыны анықтады.

Дегенмен, салынған тыйымға қарамастан, азаматтар қолданыстағы қаулыны елемей отыр. Мысалы, Ақан сері көшесіндегі «Арна» мейрамханасының банкет залында той өткен. Онда келген 200 қонақ карантин шараларын сақтамай, емін-еркін көңіл көтерген. Мобильді топ тексеруге келгенде той қызып жатқан.

Осы күні «Shatush» мейрамханасының банкет залы да қонақтарға толы болды. Онда 150 қонақ көңіл көтерген. Арасында қарттар мен балалар да болған.

Мейрамхана қожайындарына қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғау үшін өкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин шараларды бұзған жағдайда жауапқа тартылатынын және кәсіпорын жұмысының тоқтатылатынын еске салып, санитария ережелерін сақтауға шақырады. Полицейлер тұрғындарды бұқаралық шараларға бармай, отбасылық отырыстардан бас тартуға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT