Елордада «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

None
None
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада қарашаның 24-і мен 28-і аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында осы ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған шараның негізгі мақсаты - отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында және алкогольді ішімдік ішу салдарынан орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу екендігін атап өткен Н.Ораздың айтуынша, оған учаскелік инспекторлармен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын инспекторлар, патрульдік полицейлер, білім беру, денсаулық сақтау органдарының  өкілдері атсалысуда.

 «Бүгінгі күні Астана қалалық ІІД-нің алдын алу есебінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылыққа жол берген  900-ден астам адам бар, сонымен қатар 1000-нан  астам маскүнем тіркелген», деді ол.

 Осы өткізіліп жатқан шараның нәтижесінде қаланың әрбір әкімшілік учаскесінде отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалатын құқық бұзушылықтарға сараптама жасалады. Сараптама негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар